Беттерді қолдану
Беттер панелі бірнеше беті ашық Терминал терезесінің жоғарғы жағында көрсетіледі (ол батырмалар қатарына ұқсайды). Бетке ауысу үшін оған шертіңіз. Терминалдағы жұмысыңызды басқару үшін бірнеше бет ашуға болады. Бұл бір Терминал терезесінде бағдарламаларды іске қосу, бумаларды шолу және мәтіндік файлдарды түзету сияқты әрекеттерді бір уақытта орындауға мүмкіндік береді.
Жаңа бет ашу
Ағымдағы Терминал терезесінің ішінде жаңа бет ашу үшін:
Shift+Ctrl+T басыңыз.
Бетті өшіру
Ағымдағы Терминал терезесінің ішіндегі бар бетті жабу үшін:
Shift+Ctrl+W басыңыз.
Немесе беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы × белгісіне шертуге немесе бетті оң жақпен шертіп, Терминалды жабу таңдауға болады.
Беттердің ретін өзгерту
Терезедегі беттердің ретін өзгерту үшін:
Беттің үстінде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрыңыз.
Бетті басқа беттер арасындағы қажетті орынға сүйреңіз.
Тышқан батырмасын жіберіңіз.
Бет басқа ашық беттердің жанында, сіз оны жіберген жерге ең жақын орынға орналастырылады.
Немесе беттің ретін оны оң жақпен шертіп, бетті солға жылжыту үшін Терминалды солға жылжыту немесе бетті оңға жылжыту үшін Терминалды оңға жылжыту таңдау арқылы өзгертуге болады. Бұл беттің орнын бір-бірден жылжыту арқылы өзгертеді.