Курсорды өзгерту

Терминал ішінде таңдауға болатын үш курсор бар. Қажетті курсорды таңдау үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Мәтін таңдаңыз.

  4. Курсор пішіні қасындағы ашылмалы тізімнен қажетті курсор пішінін таңдаңыз. Келесі опцияларды таңдауға болады:

    Блок

    I-тәрізді

    Астын сызу

    Курсорды таңдағаннан кейін таңдауыңыз автоматты түрде сақталады.