Жеке командалар және қоршамдар
Қоршам (shell) — операциялық жүйе пайдаланушыларына top сияқты бағдарламалар немесе командалық жол қоршамы болуы мүмкін командаларды орындауға арналған интерфейсті қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтама. Әдепкі қоршам әдетте Bash болып табылады.
Терминалды іске қосылғанда сізден енгізуді күтудің орнына команданы орындайтындай етіп баптауға болады:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Команда таңдаңыз.
Менің қоршамымның орнына жеке команданы орындау белгілеңіз.
-
Мәтіндік өріске команданы немесе қажетті қоршамды теріңіз.
Команда терминалға дәл сіз жазғандай, көрсетілген кез келген аргументтермен бірге беріледі. Орта айнымалылары терминалдан мұраға алынады, өйткені бұл терминалдың ішкі процесі болып табылады.
Жеке қоршам немесе команда қалай орындалатынын көру үшін жаңа Терминал бетін немесе терезесін ашыңыз.
Сондай-ақ команда орындалып болғаннан кейін терминалдың әрекетін орнатуға болады.
Егер команда немесе қоршам орналасқан бума жүйеңіздің PATH айнымалысында болмаса, командаға немесе қоршамға дейінгі толық жолды енгізуіңіз қажет болуы мүмкін.