Профильдерді басқару
Профиль — Терминал баптауларының жиынтығы. Терминал бірнеше профильді қолдайды. Терминал профильдерін жеке команданы немесе қоршамды орындауға, профильді тек SSH арқылы қашықтағы компьютерлерге қосылу үшін немесе GNU Screen сеансын іске қосатын профильді орнатуға болады.
Қолжетімді Терминал баптауларына мыналар жатады:
Профиль атауы.
Қаріп және фон түстері.
Backspace және Delete пернелерімен үйлесімділік.
Айналдыру.
Профильді таңдау
Егер сізде екі немесе одан да көп профиль анықталған болса, Терминал ▸ Профильді өзгерту ішінен профильді таңдау арқылы ағымдағы Терминал бетіндегі немесе терезесіндегі профильді өзгерте аласыз.
Жаңа профиль жасау
Терминалдың әдепкі баптауларымен жаңа профиль жасау үшін:
Түзету ▸ Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер белгісінің қасындағы + батырмасын басыңыз.
Жаңа профиль үшін ат енгізіңіз. Бұл атты кейінірек өзгертуге болады.
Жаңа профильді жасау үшін Жасау басыңыз.
Қажетті профиль баптауларын орнатыңыз. Олар автоматты түрде сақталады.
Бар профиль негізінде жаңа профиль жасау
Бар профильдің баптаулары негізінде жаңа профиль жасауға болады:
Түзету ▸ Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельден жаңа профиліңіз негізделуі тиіс профильді таңдаңыз.
Профиль атауының қасындағы бағдаршаны басыңыз.
Клондау… таңдаңыз.
Жаңа профиль үшін ат енгізіңіз. Бұл атты кейінірек өзгертуге болады.
Жаңа профильді жасау үшін Клондау басыңыз.
Қажетті профиль баптауларын орнатыңыз. Олар автоматты түрде сақталады.
Бар профильден жаңа профиль жасау бар профильдегі баптауларға әсер етпейді. Баптауларға енгізілген кез келген өзгерістер жаңа профильде сақталады.
Профильді түзету
Егер әдепкі профиль түзетілсе, оны бастапқы баптауларына қайтару мүмкін емес! Егер сіз әлі басқа Терминал профильдерін жасамаған болсаңыз және әдепкі профильді өзгертсеңіз, қандай да бір баптаулар қиындық тудырған жағдайда Терминал жұмыс істемей қалуы мүмкін. Әдепкі профильдің көшірмесін жасап, содан кейін жеке профиль жасау үшін көшірмені түзету ұсынылады.
Бар профильдерге өзгерістер енгізуге болады. Профильді түзету үшін:
Түзету ▸ Баптаулар таңдаңыз.
Ағымдағы профиліңіз бүйірлік панельде таңдалған. Егер басқа профильді түзеткіңіз келсе, оның атына шертіңіз.
Қажетті профиль таңдалғаннан кейін:
Қаріпті, курсор пішіндерін және Терминал өлшемін таңдауға болады.
Сондай-ақ Терминалдың команда аяқталғандағы әрекетін өзгертуге, жеке кіру қоршамын орнатуға немесе айналдыру жолағы баптауларын өзгертуге болады.
Терминалдың фон және мәтін түстерін өзгерту үшін Терминал түстер схемаларын қараңыз.
Профильдегі өзгерістер бірден сақталады. Терминалға қайту үшін Жабу басыңыз.
Бар профильдің атын өзгерту
Бар профильдердің, соның ішінде әдепкі профильдің атын өзгертуге болады:
Түзету ▸ Баптаулар таңдаңыз.
Атын өзгерткіңіз келетін профильді таңдаңыз.
Профиль атауының қасындағы бағдаршаны басыңыз.
Атын өзгерту… таңдаңыз.
Профильдің жаңа атын енгізіңіз.
Атын өзгерту үшін Атын өзгерту басыңыз.
Профильді өшіру
Профильді өшіру үшін:
Түзету ▸ Баптаулар таңдаңыз.
Өшіргіңіз келетін профильді таңдаңыз.
Профиль атауының қасындағы бағдаршаны басыңыз.
Өшіру… таңдаңыз.
Растау үшін Өшіру басыңыз.
Әдепкі профильді өшіруге болмайды. Егер сіз ол профильді өшіргіңіз келсе, алдымен басқа профильді әдепкі ретінде орнатыңыз.
Әдепкі профильді орнату
Басқа профиль таңдалмаса, жаңа терминал ашылғанда әдепкі профиль жүктеледі. Баптауларға енгізілген кез келген өзгерістер ағымдағы таңдалған профильде сақталады.
Әдепкі профиль Терминал қай профильді қолдану керектігін шеше алмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, Терминал жаңадан іске қосылып, өзінің бірінші терминал терезесін ашады. Керісінше, жаңа терминал ашу үшін Терминалдың мәзір элементін немесе пернетақта жарлығын қолданғанда, бар терминалдың профилі қолданылады.
Түзету ▸ Баптаулар таңдаңыз.
Әдепкі ретінде орнатқыңыз келетін профильді таңдаңыз.
Профиль атауының қасындағы бағдаршаны басыңыз.
Әдепкі ретінде орнату таңдаңыз.
Әдепкі профиль құсбелгі таңбасымен белгіленеді.