Команда аяқталған кездегі әрекетті орнату

Қоршам немесе жеке команда жұмысын аяқтаған кезде терминалды жабуды, қайта іске қосуды немесе ашық қалдыруды орнатуға болады:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Команда таңдаңыз.

  4. Команда жұмысын аяқтағанда ашылмалы тізімінен келесі опциялардың бірін таңдаңыз:

    • Терминалдан шығу

    • Команданы қайта іске қосу

    • Терминалды ашық қалдыру

    Баптау оны таңдаған кезде автоматты түрде сақталады.

Егер сіз интерактивті емес жеке команданы орнатқан болсаңыз, шығу әрекетін Терминалдан шығу деп орнатсаңыз және профильді әдепкі профиль ретінде орнатсаңыз, Терминал команданың шығысын көріп үлгергенше жабылып қалуы мүмкін.