Үлкейту және кішірейту

Терминал мәтінінің өлшемін үлкейту үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, + басыңыз немесе Ctrl++ басыңыз.

Терминал мәтінінің өлшемін кішірейту үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, - басыңыз немесе Ctrl+- басыңыз.

Терминал мәтінін әдепкі өлшемге қайтару үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, 100% басыңыз немесе Ctrl+0 басыңыз.