Терезелер мен беттер
Бұл баптау тек мәзір жолағы іске қосылғанда немесе Терминал командалық жолдан іске қосылғанда және --tab де, --window де опциялары берілмеген жағдайда ғана қолданылады.
Жаңа терминал қолданғанда жаңа бетті немесе жаңа Терминал терезесін ашуды таңдауға болады.
Егер мәзір жолағы іске қосылған болса,
Түзету ▸ Баптаулар ▸ Жалпы таңдаңыз.
Жаңа терминалдарды мына жерде ашу: мәнін Бет немесе Терезе деп орнатыңыз.
Егер мәзір жолағы іске қосылмаған болса,
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельден Жалпы таңдаңыз.
Жаңа терминалдарды мына жерде ашу: мәнін Бет немесе Терезе деп орнатыңыз.
Баптауды орнатқаннан кейін, баптауды инверсиялау үшін Ctrl пернесін қолдануға болады. Мысалы, егер сізде жаңа терминалды жаңа бетте ашу бапталған болса, онда Жаңа терминал басу жаңа бетті ашады. Екінші жағынан, егер сіз Ctrl пернесін басып тұрып, содан кейін Жаңа терминал бассаңыз, оның орнына жаңа терезе ашылады.