Мәтінді таңдау

Терминал шығысынан сөзді немесе сөйлемді таңдауға немесе тікбұрышты таңдау жасауға болады:

Сөзді таңдау

Сөздің үстіне екі рет шертіңіз.

Жолды таңдау

Жолдың үстіне үш рет шертіңіз.

Тікбұрышты таңдау жасау

Ctrl пернесін басып тұрыңыз, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, тышқанды сүйреңіз.

Егер сіз Терминалда тышқан енгізуін қабылдайтын қолданбаны іске қосып жатсаңыз, Терминал тышқан енгізуін ұстап алуы үшін Shift түрлендіргішін қолдануыңыз керек.