Айналдыру жолағының баптаулары
Терминал экранына көп шығыс шығарылғанда, жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін терминалыңыздың белгілі бір түрде әрекет еткені пайдалы болуы мүмкін.
Айналдыру жолағының көрінуі
Айналдыру жолағын сөндіруге болады:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Айналдыру таңдаңыз.
Айналдыру жолағын көрсету белгісін алып тастаңыз.
Баптауыңыз бірден сақталады.
Шығыс кезінде айналдыру
Команда орындалып жатқанда және шығыс шығарғанда әрқашан ең жаңа шығысты көрсетуі үшін айналдыруды құлыптауға болады.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Айналдыру таңдаңыз.
Шығыс кезінде айналдыру белгілеңіз.
Енгізу кезінде айналдыру
Шақыруға мәтін енгізген кезде терминалды автоматты түрде терезенің төменгі жағына айналдыратындай етіп орнатуға болады.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Айналдыру таңдаңыз.
Перне басылғанда айналдыру белгілеңіз.
Айналдыру жолдары
Есте сақталатын терминал шығысы жолдарының санын шектеуге болады.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Айналдыру таңдаңыз.
Айналдыруды шектеу белгілеңіз және айналдыруды шектеу үшін жолдар санын енгізіңіз.
Қаласаңыз, жолдарды көбейту үшін + және азайту үшін - батырмасын басуға болады.
Шектеусіз айналдыруды таңдауға болады.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Айналдыру таңдаңыз.
Айналдыруды шектеу белгісін алып тастаңыз.
Айналдыру деректері дискідегі сығылған және шифрланған файлдарда, уақытша файлдар үшін жүйенің әдепкі орнында (әдетте /tmp) сақталады. Бұл файлдар жасалғаннан кейін бірден сілтемесіз болады, сондықтан бума тізімінде көрінбейді. Тиісті терминал жабылған бойда бос орын босатылады.
Бұл уақытша файлдар үшін дискіде жеткілікті орын бар екеніне көз жеткізіңіз. Күмән туындаған жағдайда, мысалы, du /tmp командасымен диск қолданылуын қадағалаңыз.
Үлкен айналдыру буфері терминал терезесінің өлшемін өзгертуді баяулатады. Жалпы ереже бойынша, өлшемді өзгерту шамамен 1 миллион жолда айтарлықтай баяулайды.