Терминал күйін қалпына келтіру
Мәтіндік емес файлды қателесіп көргеннен кейін немесе қандай да бір команданы іске қосқаннан кейін, Терминал экраны жауап бермей қалуы немесе пернелерді басқанда түсініксіз әріптер шығуы мүмкін. Терминалды келесі жолдармен қалпына келтіруге болады:
Қалпына келтіру
Терминал экранын қалпына келтіру.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Кеңейтілген ▸ Қалпына келтіру таңдаңыз.
Шақыруды алу үшін Enter басыңыз.
Қалпына келтіру және тазарту
Терминалды қалпына келтірумен қатар, Қалпына келтіру және тазарту көрінетін Терминал экранының кеңістігін және айналдыру мазмұнын тазартады. Терминалды Қалпына келтіру және тазарту үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Кеңейтілген ▸ Қалпына келтіру және тазарту таңдаңыз.
Шақыруды алу үшін Enter басыңыз.
Қалпына келтіру және тазарту терминалдың reset командасы сияқты функцияны орындайды.