Пернетақта қолжетімділігі

Бұл пернелер тек мәзір жолағы көрінетін етіп орнатылған терезелерде ғана әсер етеді.

Мәзір жолағын көрсету үшін Терминал терезесін оң жақпен шертіп, Мәзір жолағын көрсету таңдаңыз.

Терминал мәзірінде мнемоника деп аталатын пернелер комбинациясын немесе сізді мәзір жолағындағы бірінші мәзірге тікелей апаратын арнайы пернені (мәзір акселераторы пернесі деп аталады) қолданып шарлауға болады.

Мнемоника

Терминал мәзіріне Alt пернесі мен мәзір элементінің әрпін біріктіру арқылы қол жеткізуге болады. Мәзірге қол жеткізу үшін қолданылатын әріп Alt пернесін басып тұрғанда асты сызылған күйде болады.

Мысалы, Alt+E қолданып Түзету мәзірін көріңіз. Сол сияқты, Alt+F қолданып Файл мәзіріне қол жеткізуге болады.

Мнемониканы іске қосу үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельден Жалпы таңдаңыз.

  3. Мнемониканы іске қосу белгілеңіз.