Мәтінді іздеу

Терминал шығысында мәтінді іздеуге болады:

  1. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Search key symbol басыңыз немесе Ctrl+Shift+F басыңыз.

  2. Іздеуге арналған кілт сөзді теріңіз және артқа іздеу үшін Enter басыңыз. Немесе қажетті іздеу бағытына сәйкес бағдаршаларға шертіңіз.

Нәтижелерді нақтылау үшін келесі опцияларды қолданып іздеуге болады:

Регистрді ескеру

Іздеуді регистрге сезімтал ету: бұл нәтижелерді тек іздеу кілт сөзінің регистріне сәйкес келетіндермен шектейді.

Тек толық сөзді сәйкестендіру

Терминал бүкіл кілт сөзді іздейді және іздеу кілт сөзіне ішінара сәйкес келетін нәтижелерді елемейді. Мысалы, егер сіз «cat» сөзін іздеген болсаңыз, Терминал тек осы кілт сөзге дәл сәйкес келетін нәтижелерді көрсетеді және «bobcat» сияқты нәтижелерді өткізіп жібереді.

Тұрақты өрнек ретінде сәйкестендіру

Іздеу кілт сөздерінде regex үлгілері деп те аталатын тұрақты өрнек үлгілерін қолдануға болады. Терминал осы іздеу шарттарына сәйкес келетін нәтижелерді көрсетеді.

Циклдік іздеу

Терминал айналдырудағы ағымдағы орныңыздан қолжетімді терминал шығысының соңына дейін іздейді, содан кейін іздеуді қайта бастайды.

Егер сіз Терминал шығысының көп мөлшерімен жұмыс істеуді жоспарласаңыз, Терминалға тереңірек іздеуге мүмкіндік беру үшін айналдыру жолдарын жоғарырақ шекке дейін көбейтіңіз.