Қаріпті және стильді өзгерту

Терминал мәтінімен көп жұмыс істегенде, әдепкі қаріпті өз қалауыңыз бойынша өзгерткіңіз келуі мүмкін. Сізде келесі опциялар бар:

Жүйелік бекітілген енді қаріп

Жүйенің әдепкі қаріптерін қолдану үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Мәтін таңдаңыз.

  4. Жеке қаріп белгісін алып тастаңыз.

Жеке қаріпті орнату

Жеке қаріпті және оның өлшемін орнату үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Мәтін таңдаңыз.

  4. Жеке қаріп белгілеңіз.

  5. Жеке қаріп қасындағы батырманы басыңыз.

  6. Іздеу өрісіне қажетті қаріптің атын теріңіз немесе қаріптер тізімін қараңыз.

  7. Қаріп өлшемін орнату үшін қаріп тізімінің астындағы жүгірткіні жылжытыңыз. Немесе жүгірткінің қасындағы өріске қаріп өлшемін теріңіз немесе қаріп өлшемін үлкейту үшін + немесе кішірейту үшін - батырмасын басыңыз.

  8. Өзгерістерді іске асыру үшін Таңдау басыңыз. Өзгерістерден бас тарту және алдыңғы сұхбат терезесіне қайту үшін Бас тарту басыңыз.

Жоларалық және таңбааралық қашықтық

Терминал оқуға ыңғайлы болу үшін таңбаларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Жоларалық және таңбааралық қашықтықты 1.0-ден (қалыпты көрініс) 2.0-ге дейін («қос қашықтық»), соның ішінде аралық бөлшек мәндерді реттеуге болады.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Мәтін таңдаңыз.

  4. Ұяшықтар аралығы баптауына өтіңіз.

  5. Горизонталды таңбааралық қашықтықты орнату үшін ені алдындағы көбейткіш санды реттеңіз.

  6. Жоларалық қашықтықты орнату үшін биіктігі алдындағы көбейткіш санды реттеңіз.