Кіру қоршамдары
UNIX негізіндегі жүйелердегі қоршамдар кіру (login) және кіру емес режимдерінде іске қосылуы мүмкін:
- Кіру қоршамы
Кіру қоршамы (login shell) — пайдаланушыға оның тіркелгісіне кірген кезде берілетін қоршам. Бұл -l немесе --login опциясын қолдану арқылы немесе команда атауының бірінші таңбасы ретінде сызықшаны қою арқылы іске қосылады, мысалы bash бағдарламасын -bash ретінде шақыру.
- Ішкі қоршам
Ішкі қоршам (sub shell), сондай-ақ кіру емес қоршам деп те аталады — кіру процесінен кейін -l немесе --login опциясынсыз және команда атауының алдында қосымша сызықшасыз іске қосылған қоршам.
Кіру қоршамының болуының жалпы жағдайлары:
ssh арқылы компьютеріңізге қашықтан қол жеткізу.
bash -l немесе sh -l арқылы бастапқы кіру қоршамын симуляциялау.
sudo -i арқылы бастапқы root кіру қоршамын симуляциялау.
Кіру қоршамын іске қосу
Терминалға кіру қоршамын іске қосуға рұқсат бере аласыз. Әдепкі қоршамыңыз оның атының алдына сызықша таңбасы қосылып іске қосылады.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Команда таңдаңыз.
Команда белгісінің астында Команданы кіру қоршамы ретінде орындау таңдаңыз.