Түстер схемалары
Егер сізге әдепкі Терминал темасы ұнамаса, мәтін мен фон үшін қолданылатын түстерді өзгертуге болады. Темаңыздағы түстерді қолдануға, дайын жиынтықтардың бірін таңдауға немесе жеке схеманы қолдануға болады.
Жүйелік тема түстерін қолдану
Жүйелік тема түстерін қолдану үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Түстер таңдаңыз.
Жүйелік тема түстерін қолдану белгілеңіз. Өзгерістер автоматты түрде іске асырылады.
Кірістірілген схемалар
Кірістірілген түстер схемаларының бірін таңдай аласыз: Ашық сары фондағы қара, Ақ фондағы қара, Қара фондағы сұр, GNOME ашық, GNOME қараңғы, Қара фондағы жасыл, Қара фондағы ақ, Tango ашық, Tango қараңғы, Solarized ашық, Solarized қараңғы. Кірістірілген схемалардың кез келгенін орнату үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Түстер таңдаңыз.
-
Жүйелік тема түстерін қолдану белгіленбегеніне көз жеткізіңіз. Кірістірілген схемалар ішінен қажетті түстер схемасын таңдаңыз. Схема таңдаулары автоматты түрде іске асырылады.
Қолданбалар көрсетілген жуан түстің орнына палитрадағы түсті қолдануды таңдай алады.
Жеке түстер схемасы
Терминал ішіндегі мәтін мен фон үшін жеке түстерді қолдануға болады:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Түстер таңдаңыз.
Жүйелік тема түстерін қолдану белгіленбегеніне көз жеткізіңіз. Кірістірілген схемалар ашылмалы тізімінен Жеке таңдаңыз.
Өзгерткіңіз келетін түске шертіңіз.
-
Түс үлгісінен қажетті түсті таңдап, Таңдау батырмасын басыңыз.
Қажетті түсті келесі жолдармен таңдауға болады:
Енгізу өрісіне түстің он алтылық кодын енгізіңіз.
Түстерді реттеу үшін сол жақтағы жүгірткіні жылжытыңыз және түс таңдау аймағындағы қажетті түске шертіңіз.
Өзгерістеріңіз автоматты түрде сақталады.
Сондай-ақ кірістірілген схеманы таңдаған кезде түс үлгісі блогына шерту арқылы түсті өзгертуге болады. Өзгертілгеннен кейін кірістірілген схемалар мәзіріндегі таңдауыңыз Жеке болып өзгереді.
Дәстүрлі терминал эмуляторлары 16 түсті палитраны ұсынады, мұнда соны өзгертуге болады. Терминал 256 түстен тұратын кеңейтілген жиынтықты қолдайды, бірақ қосымша 240 түсті мұнда түзету мүмкін емес.
Терминал тіпті 16 миллионнан астам түске тікелей қол жеткізуді ұсынады, бұл «true color» режимі деп аталады.
Егер палитраға енгізілген өзгерістер әсер етпесе, сіз көріп тұрған мазмұн 16 негізгі түстен емес, осындай кеңейтілген палитра түстерінен немесе true color түстерінен тұрады деп болжауға болады.
Жуан мәтін үшін ашық түстер
Дәстүрлі терминалдар жуан қаріп салмағын қанық түстерден анық ажыратпайтын, көбінесе екеуі де бірге қосылатын. True color қолдауы және кейбір түс схемалары (мысалы, Solarized) сияқты соңғы жақсартулар осы екі ұғымды ажыратуды, яғни жарықтықты қаріп салмағына тәуелсіз етуді қажет етті.
Қажетті әрекетті таңдау үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Түстер таңдаңыз.
Жаңа әдепкі әрекет үшін, яғни түс қанықтығы мен қаріп салмағын толық ажырату үшін Жуан мәтінді ашық түстермен көрсету опциясын сөндіріңіз; немесе кері үйлесімділікті жақсарту үшін бұл опцияны іске қосыңыз.