Толық экранды сеанс
Толық экран режимі Терминалға бүкіл экранды қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл режим экран кеңістігі шектеулі құрылғыңыз болса және Терминалда ұзақ уақыт жұмыс істегіңіз келсе немесе терминал шығысының ұзын жолдарымен жұмыс істеп жатсаңыз пайдалы. Ол терезе безендірілуін уақытша жасырып, экранда көбірек айналдыру жолдарын көруге мүмкіндік береді.
Толық экран режимін іске қосу үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Толық экран таңдаңыз немесе F11 басыңыз.
Егер сіз оны жасырмаған болсаңыз, мәзір жолағы толық экран режимінде де көрініп тұрады.
Егер сізде бірнеше Терминал беті ашық болса, беттер панелі толық экран режимінде көрінетін болады.
Толық экран режимін сөндіру үшін:
Оң жақпен шертіп, Толық экраннан шығу таңдаңыз. Немесе F11 басыңыз.