Жоғарғы жолақтағы таңбашалар нені білдіреді?
Бұл бетте экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан таңбашалардың мағынасы түсіндіріледі. Нақтырақ айтқанда, жүйе ұсынатын таңбашалардың әртүрлі нұсқалары сипатталады.
Қолжетімділік таңбашалары
Әртүрлі қолжетімділік параметрлерін жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді. |
|
Меңзерді үстіне апарып шерту (Hover Click) функциясын пайдаланған кезде орындалатын шерту түрін көрсетеді. |
Аудио таңбашалары
Динамиктердің немесе құлаққаптардың дыбыс деңгейін көрсетеді. |
|
Динамиктердің немесе құлаққаптардың дыбысы өшірілген. |
|
Микрофонның сезімталдығын көрсетеді. |
|
Микрофонның дыбысы өшірілген. |
Батарея таңбашалары
Батарея зарядталып жатқанда оның деңгейін көрсетеді. |
|
Батарея толық зарядталған және зарядталуда. |
|
Батарея зарядталмай тұрған кезде оның деңгейін көрсетеді. |
|
Батарея толық зарядталған және зарядталмай тұр. |
|
Батареясы жоқ жүйелерде көрсетілетін қуат таңбашасы. |
Bluetooth таңбашалары
«Ұшақта» режимі қосулы. «Ұшақта» режимі қосулы болғанда Bluetooth сөндіріледі. |
|
Bluetooth құрылғысы жұптастырылған және пайдаланылуда. Бұл таңбаша тек белсенді құрылғы болғанда ғана көрсетіледі, жай ғана Bluetooth іске қосылған кезде емес. |
Желілік таңбашалар
Сымсыз (Wi-Fi) қосылымдар
«Ұшақта» режимі қосулы. «Ұшақта» режимі қосулы болғанда сымсыз желі сөндіріледі. |
|
Сымсыз желіге қосылу. |
|
Сымсыз желі қосылымының күшін көрсетеді. |
|
Сымсыз желіге қосылған, бірақ сигнал жоқ. |
|
Сымсыз желіге қосылған. Бұл таңбаша тек сигнал күшін анықтау мүмкін болмаған кезде, мысалы, ad hoc желілеріне қосылғанда көрсетіледі. |
|
Сымсыз желіге қосылған, бірақ интернетке шығу жолы жоқ. Бұл желінің дұрыс бапталмауынан немесе интернет провайдерінің жұмысындағы ақаулардан болуы мүмкін. |
Ұялы байланыс желісі (мобильді кең жолақты байланыс)
«Ұшақта» режимі қосулы. Ұялы байланыс желісі «ұшақта» режимі қосулы болғанда сөндіріледі. |
|
Ұялы байланыс желісіне қосылу. |
|
Ұялы байланыс желісі қосылымының күшін көрсетеді. |
|
Ұялы байланыс желісіне қосылған, бірақ сигнал жоқ. |
|
Ұялы байланыс желісіне қосылған. Бұл таңбаша тек сигнал күшін анықтау мүмкін болмаған кезде, мысалы, Bluetooth арқылы қосылғанда көрсетіледі. Егер сигнал күшін анықтау мүмкін болса, оның орнына сигнал күшінің таңбашасы көрсетіледі. |
Сымды қосылымдар
Сымды қосылымға қосылу. |
|
Сымды желіге қосылған. |
|
Желіден ажыратылған. |
|
Сымды желіге қосылған, бірақ интернетке шығу жолы жоқ. Бұл желінің дұрыс бапталмауынан немесе интернет провайдерінің жұмысындағы ақаулардан болуы мүмкін. |
VPN (виртуалды жеке желі)
Виртуалды жеке желіге қосылу. |
|
Виртуалды жеке желіге қосылған. |
Басқа таңбашалар
Ағымдағы уақытта пайдаланылып жатқан пернетақта жаймасын немесе енгізу әдісін көрсетеді. Басқа жайманы таңдау үшін шертіңіз. Пернетақта жаймасының мәзірі тек бірнеше енгізу әдісі бапталған болса ғана көрсетіледі. |
|
Қолданба қазір сіздің орналасқан жеріңізге қол жеткізіп жатыр. Мәзірден орналасқан жерге қол жеткізуді сөндіре аласыз. |
|
Түнгі жарық көздің шаршауын азайту үшін дисплейдің түс температурасын өзгертті. Түнгі жарықты мәзірден уақытша сөндіре аласыз. |
|
Қазір сіз бүкіл экранның скринкастын жазып жатырсыз. |
|
Қолданба қазір экранмен немесе басқа тереземен бөлісіп жатыр. |
|
Док-станция сияқты Thunderbolt құрылғысына қосылу. |