Орналасу қызметтерін басқару

Геолокация немесе орналасу қызметтері уақыт белдеуін орнатуда және Карталар сияқты қолданбаларда пайдалану үшін ағымдағы орналасқан жеріңізді анықтау мақсатында ұялы байланыс мұнараларының позициясын, GPS және жақын маңдағы Wi-Fi қол жеткізу нүктелерін пайдаланады. Іске қосылған кезде орналасқан жеріңіз желі арқылы өте жоғары дәлдікпен бөлісілуі мүмкін.

Жұмыс үстелінің геолокация мүмкіндіктерін сөндіру

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Жекелік және қауіпсіздік деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жекелік және қауіпсіздік таңдаңыз. Бұл Жекелік және қауіпсіздік панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Орналасу таңдаңыз.

  4. Құрылғының орнын автоматты түрде анықтау ауыстырып-қосқышын сөндірулі күйіне қойыңыз.

    Бұл мүмкіндікті қайта іске қосу үшін Құрылғының орнын автоматты түрде анықтау ауыстырып-қосқышын қосулы күйіне қойыңыз.