VPN-ге қосылу
VPN (немесе Виртуалды жеке желі) — бұл интернет арқылы жергілікті желіге қосылу тәсілі. Мысалы, іс-сапарда жүргенде жұмыс орныңыздағы жергілікті желіге қосылғыңыз келеді делік. Сіз бір жерден интернет байланысын табасыз (мысалы, қонақүйде) және жұмыс орныңыздың VPN-іне қосыласыз. Бұл жұмыстағы желіге тікелей қосылған сияқты болады, бірақ нақты желілік байланыс қонақүйдің интернет байланысы арқылы болады. VPN байланыстары әдетте сіз қосылып жатқан жергілікті желіге кірусіз адамдардың кіруіне жол бермеу үшін шифрланған болады.
VPN-нің бірнеше түрі бар. Сіз қосылатын VPN түріне байланысты қосымша бағдарламалық қамтаманы орнатуыңыз қажет болуы мүмкін. VPN-ге жауапты адамнан байланыс мәліметтерін біліп, қай VPN клиентін қолдану керектігін анықтаңыз. Содан кейін, бағдарламаларды орнату бағдарламасына өтіп, VPN-мен жұмыс істейтін (бар болса) NetworkManager дестесін іздеп, оны орнатыңыз.
Егер сіздің VPN түріңіз үшін NetworkManager дестесі болмаса, сізге VPN бағдарламалық қамтамасын ұсынатын компаниядан клиенттік бағдарламалық қамтаманы жүктеп алып, орнату қажет болуы мүмкін. Оны іске қосу үшін кейбір басқа нұсқауларды орындауыңыз қажет болуы мүмкін.
VPN байланысын орнату үшін:
Activities шолуын ашып, Network деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Network үстіне шертіңіз.
Жаңа байланысты қосу үшін VPN бөлімінің жанындағы + батырмасын шертіңіз.
VPN байланысының түрін таңдаңыз.
VPN байланыс мәліметтерін толтырыңыз, содан кейін аяқтаған соң Қосу батырмасын басыңыз.
VPN орнатуды аяқтаған соң, жоғарғы панельдің оң жағынан жүйелік мәзірді ашыңыз, VPN байланысын шертіп, Қосылу тармағын таңдаңыз. Байланыс орнатылмас бұрын байланыс үшін парольді енгізу қажет болуы мүмкін. Байланыс орнатылған соң, жоғарғы панельде құлып пішінді таңбашаны көресіз.
VPN-ге сәтті қосыласыз деп үміттенеміз. Олай болмаса, енгізген VPN баптауларын қайта тексеруіңіз қажет болуы мүмкін. Мұны байланыс орнату үшін пайдаланған Желі панелінен жасауға болады. Тізімнен VPN байланысын таңдап, баптауларды қарап шығу үшін
батырмасын басыңыз.
VPN-нен ажырату үшін жоғарғы панельдегі жүйелік мәзірді шертіп, VPN байланысының аты астындағы Сөндіру батырмасын шертіңіз.