Сымсыз желіге қосылу
Егер компьютеріңізде сымсыз байланыс мүмкіндігі болса, интернетке қол жеткізу, желідегі бөлісілген файлдарды қарау және т.б. үшін ауқымдағы сымсыз желіге қосыла аласыз.
Жоғарғы жолақтың оң жағынан жүйелік мәзірді ашыңыз.
Wi-Fi таңдаңыз. Мәзірдің Wi-Fi бөлімі жайылады.
-
Қалаған желі атауын шертіңіз.
Егер желі атауы көрсетілмесе, тізімді төмен айналдырыңыз. Егер желіні әлі де көрмесеңіз, сіз ауқымнан тыс болуыңыз мүмкін немесе желі жасырын болуы мүмкін.
-
Егер желі парольмен (шифрлау кілті) қорғалған болса, сұралған кезде парольді енгізіп, Қосылу батырмасын шертіңіз.
Егер сіз кілтті білмесеңіз, ол сымсыз роутердің немесе базалық станцияның астыңғы жағында немесе оның нұсқаулығында жазылуы мүмкін немесе сымсыз желіні басқаратын адамнан сұрауыңыз қажет болуы мүмкін.
Компьютер желіге қосылуға әрекеттенгенде, желі таңбашасының сыртқы түрі өзгереді.
Байланыс сәтті орнатылса, таңбаша үстінде бірнеше иілген жолақтары бар нүктеге (
) өзгереді. Жолақтар неғұрлым көп болса, желімен байланыс соғұрлым күшті болады. Жолақтардың аз болуы байланыстың әлсіз екенін және сенімді болмауы мүмкін екенін білдіреді.
Егер байланыс сәтті болмаса, сізден пароль қайта сұралуы мүмкін немесе байланыс үзілгені туралы хабарлануы мүмкін. Бұған бірнеше нәрсе себеп болуы мүмкін. Мысалы, сіз қате пароль енгізген болуыңыз мүмкін, сымсыз сигнал тым әлсіз болуы мүмкін немесе компьютеріңіздің сымсыз картасында мәселе болуы мүмкін. Қосымша көмек алу үшін Сымсыз желі ақауларын жою құралы бөлімін қараңыз.
Сымсыз желіге күштірек қосылу міндетті түрде интернет байланысының жылдамырақ екенін немесе жүктеп алу жылдамдығының жоғары болатынын білдірмейді. Сымсыз байланыс компьютеріңізді интернет байланысын қамтамасыз ететін құрылғыға (роутер немесе модем сияқты) қосады, бірақ екі байланыс шын мәнінде әртүрлі, сондықтан әртүрлі жылдамдықта жұмыс істейді.