Мобильді кең жолақты желіге қосылу

Компьютердің кірістірілген 3G модемімен, ұялы телефоныңызбен немесе интернет-модеммен ұялы (3G) желіге қосылымды орнатуға болады.

Көптеген телефондарда компьютерде орнатуды қажет етпейтін USB тетеринг деп аталатын параметр бар және бұл әдетте ұялы желіге қосылудың ең жақсы әдісі болып табылады.

  1. Егер сізде кірістірілген 3G модемі болмаса, телефонды немесе интернет-модемді компьютеріңіздің USB портына қосыңыз.

  2. Жоғарғы жолақтың оң жағынан жүйелік мәзірді ашыңыз.

  3. Mobile Broadband Off таңдаңыз. Мәзірдің Mobile Broadband бөлімі жайылады.

    Егер жүйелік мәзірде Mobile Broadband пайда болмаса, құрылғыңыздың «Сыртқы жинақтауыш» ретінде қосылуға орнатылмағанына көз жеткізіңіз.

  4. Connect таңдаңыз. Егер сіз бірінші рет қосылып жатсаңыз, Set up a Mobile Broadband Connection шебері іске қосылады. Ашылған экранда қажетті ақпарат тізімі көрсетіледі. Next батырмасын шертіңіз.

  5. Тізімнен провайдеріңіздің елін немесе аймағын таңдаңыз. Next батырмасын шертіңіз.

  6. Тізімнен провайдеріңізді таңдаңыз. Next батырмасын шертіңіз.

  7. Қосылып жатқан құрылғы түріне сәйкес тарифтік жоспарды таңдаңыз. Бұл кіру нүктесінің атауын анықтайды. Next батырмасын шертіңіз.

  8. Іске асыру батырмасын шерту арқылы таңдалған баптауларды растаңыз. Шебер жабылады және Network панелінде қосылым сипаттары көрсетіледі.