Экранның түс температурасын реттеу

Компьютер мониторы көк жарық шығарады, бұл қараңғы түскеннен кейін ұйқысыздыққа және көздің шаршауына әкеледі. Түнгі жарық дисплейлеріңіздің түсін күннің уақытына қарай өзгертіп, кешкісін түсті жылырақ етеді. Түнгі жарықты іске қосу үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Дисплейлер деп жаза бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Дисплейлер пәрменін шертіңіз.

  3. Баптауларды ашу үшін Түнгі жарық пәрменін шертіңіз.

  4. Түнгі жарық қосқышы қосулы екеніне көз жеткізіңіз.

  5. Кесте астында экран түсі сіз тұрған жердегі күннің батуы мен шығу уақыттарына сәйкес болуы үшін Күннің батуынан күннің шығуына дейін таңдаңыз. Уақыттарды пайдаланушы кестесіне орнату үшін Қолмен орнатылатын кесте таңдаңыз.

  6. Түс температурасын жылырақ немесе азырақ жылы ету үшін жүгірткіні пайдаланыңыз.

Түнгі жарық белсенді болған кезде жоғарғы панельде көрсетіледі. Оны жүйелік мәзірден уақытша сөндіруге болады.