Скриншоттар және скринкасттар

  • Экраныңыздың толық немесе бір бөлігін сурет ретінде түсіріп алыңыз

  • Оны файл ретінде жіберіңіз немесе алмасу буферінен кірістіріңіз

  • Экрандағы әрекеттердің видеосын сақтаңыз

Экраныңызды суретке түсіруге (скриншот) немесе экранда болып жатқан әрекеттерді видеоға жазуға (скринкаст) болады. Бұл, мысалы, біреуге компьютерде бірдеңені қалай істеу керектігін көрсету үшін пайдалы. Скриншоттар мен скринкасттар — кәдімгі сурет және видео файлдары, сондықтан оларды электронды поштамен жіберуге және интернетте бөлісуге болады.

Скриншот түсіру

  1. Print пернесін басыңыз немесе жүйелік мәзірдегі скриншот батырмасын басыңыз.

  2. Скриншот қабатында түсірілетін аймақты таңдауға арналған тұтқалар көрсетіледі, ал белгісі скриншот (қозғалмайтын сурет) режимін білдіреді.

    Скриншотқа курсорды қосу үшін нұсқағыш батырмасын шертіңіз.

  3. Тұтқаларды немесе айқас нысана нұсқағышын пайдаланып, скриншот үшін қажетті аймақты шертіп, сүйреңіз.

  4. Таңдалған аймақты түсіру үшін үлкен дөңгелек батырманы шертіңіз.

  5. Бүкіл экранды түсіру үшін Экран тармағын шертіп, содан кейін үлкен дөңгелек батырманы шертіңіз.

  6. Терезені түсіру үшін Терезе тармағын шертіңіз. Барлық ашық терезелердің шолуы көрсетіледі, белсенді терезе белгіленген болады. Терезені таңдау үшін шертіңіз, содан кейін үлкен дөңгелек батырманы шертіңіз.

Олар қайда сақталады?

  • Скриншот суреті үй бумаңыздағы Суреттер/Скриншоттар бумасында автоматты түрде сақталады. Файл аты Скриншот сөзінен басталып, түсірілген күні мен уақытын қамтиды.

  • Сурет сонымен қатар алмасу буферіне де сақталады, сондықтан оны бірден сурет өңдеу қолданбасына кірістіруге немесе әлеуметтік желілерде бөлісуге болады.

  • Скринкаст видеосы үй бумаңыздағы Видеолар/Скринкасттар бумасында автоматты түрде сақталады. Файл аты Скринкаст сөзінен басталып, түсірілген күні мен уақытын қамтиды.

Скринкаст жасау

Экраныңызда болып жатқан әрекеттердің видеожазбасын жасауға болады:

  1. Print пернесін басыңыз немесе жүйелік мәзірдегі скриншот батырмасын басыңыз.

  2. Скринкаст режиміне ауысу үшін белгісін шертіңіз.

    Скринкастқа курсорды қосу үшін нұсқағыш батырмасын шертіңіз.

  3. Таңдау немесе Экран опциясын таңдаңыз. Таңдау үшін тұтқаларды немесе айқас нысана нұсқағышын пайдаланып, скринкаст үшін қажетті аймақты шертіп, сүйреңіз.

  4. Экраныңыздағы әрекетті жазуды бастау үшін үлкен дөңгелек қызыл батырманы шертіңіз.

    Жазу жүріп жатқанда, экранның жоғарғы оң жақ бұрышында өткен секундтарды көрсететін қызыл индикатор пайда болады.

  5. Аяқтағаннан кейін, жоғарғы панельдегі қызыл индикаторды шертіңіз.

Пернетақта жарлықтары

Скриншот функциясының ішінде мына пернетақта жарлықтарын пайдалануға болады:

S

Аймақты таңдау

C

Экранды түсіру

W

Терезені түсіру

P

Нұсқағышты көрсету/жасыру арасында ауысу

V

Скриншот және скринкаст арасында ауысу

Enter

Түсіру, сонымен қатар Space немесе Ctrl+C арқылы да іске қосылады

Бұл жарлықтарды скриншот функциясын айналып өту үшін пайдалануға болады:

Alt+Print

Қазіргі уақытта фокуста тұрған терезені түсіру

Shift+Print

Бүкіл экранды түсіру

Shift+Ctrl+Alt+R

Скринкаст жазуды бастау