Сымды (Ethernet) желіге қосылу

Көптеген сымды желілік байланыстарды орнату үшін желілік кабельді жалғау жеткілікті. Байланыс орнатылып жатқанда, жоғарғы панельде үш нүктесі бар сымды желі таңбашасы (баптаулар) көрсетіледі. Байланыс орнатылғанда нүктелер жоғалады.

Ethernet кабелінің диаграммасы

Егер бұл орын алмаса, ең алдымен желілік кабельдің жалғанғанына көз жеткізуіңіз керек. Кабельдің бір ұшы компьютеріңіздегі тікбұрышты Ethernet (желілік) портына, ал екінші ұшы коммутаторға, роутерге, желілік розеткаға немесе соған ұқсас құрылғыға (сіздегі желі баптауларына байланысты) жалғануы керек. Ethernet порты көбінесе ноутбуктің бүйірінде немесе жұмыс үстелі компьютерінің артқы жағының жоғарғы жағында орналасады. Кейде Ethernet портының жанындағы шам оның жалғанғанын және белсенді екенін көрсетеді.

Бір компьютерді желілік кабель арқылы басқа компьютерге тікелей жалғай алмайсыз (кем дегенде, қосымша орнатусыз). Екі компьютерді қосу үшін олардың екеуін де желілік хабқа, роутерге немесе коммутаторға жалғауыңыз керек.

Егер әлі де қосылмасаңыз, желіңіз автоматты орнатуды (DHCP) қолдамауы мүмкін. Бұл жағдайда оны қолмен баптауыңыз керек болады.