Дыбыс деңгейін өзгерту

Дыбыс деңгейін өзгерту үшін жоғарғы жолақтың оң жағынан жүйелік мәзірін ашып, дыбыс деңгейінің сырғытпасын солға немесе оңға жылжытыңыз. Сырғытпаны сол жақ шетіне дейін апару арқылы дыбысты толығымен сөндіруге болады.

Жоғарғы жолақтағы дыбыс таңбашасының немесе жүйелік мәзірдегі сырғытпаның үстіне курсорды апарсаңыз, дыбыс деңгейін тышқан дөңгелегін немесе тачпадты айналдыру арқылы басқаруға болады.

Кейбір пернетақталарда дыбыс деңгейін басқаруға мүмкіндік беретін пернелер болады. Олар әдетте толқындары бар динамиктерге ұқсайды. Олар жиі жоғарғы жағындағы «F» пернелерінің жанында орналасады. Ноутбук пернетақталарында олар әдетте «F» пернелерінде болады. Оларды пайдалану үшін пернетақтаңыздағы Fn пернесін басып тұрыңыз.

Егер сізде сыртқы динамиктер болса, дыбыс деңгейін динамиктердің дыбыс деңгейін реттегіші арқылы да өзгертуге болады. Кейбір құлаққаптарда да дыбыс деңгейін реттегіш болады.

Жеке қолданбалар үшін дыбыс деңгейін өзгерту

Сіз бір қолданбаның дыбыс деңгейін өзгертіп, басқаларының дыбыс деңгейін өзгеріссіз қалдыра аласыз. Бұл, мысалы, музыка тыңдап, интернетте шолу жасап отырғанда пайдалы. Веб-сайттардан шығатын дыбыстар музыканы бөлмеуі үшін веб-браузердегі дыбысты өшіріп қоюға болады.

Кейбір қолданбалардың негізгі терезелерінде дыбыс деңгейін реттегіштері болады. Егер қолданбаңызда дыбыс деңгейін реттегіш болса, дыбыс деңгейін өзгерту үшін соны пайдаланыңыз. Олай болмаса:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Дыбыс деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Sound үстіне шертіңіз.

  3. Sounds бөлімінде Volume Levels үстіне шертіңіз.

  4. Әрбір қолданбаның дыбыс деңгейін орнату үшін дыбыс деңгейінің сырғытпасын пайдаланыңыз. Қолданбаның дыбысын өшіру немесе қосу үшін сырғытпаның жанындағы динамик батырмасын шертіңіз.

    Тек дыбыс шығарып жатқан қолданбалар ғана тізімделеді. Егер қолданба дыбыс шығарып жатса, бірақ тізімде болмаса, ол осылайша дыбыс деңгейін басқару мүмкіндігін қолдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда оның дыбыс деңгейін өзгерте алмайсыз.