Сымсыз байланысты сөндіру (ұшақ режимі)

Егер компьютеріңіз ұшақта (немесе сымсыз байланысқа рұқсат етілмейтін басқа аймақта) болса, сымсыз байланысты сөндіруіңіз керек. Сондай-ақ сымсыз байланысты басқа себептермен де (мысалы, батарея қуатын үнемдеу үшін) сөндіруді қалауыңыз мүмкін.

Ұшақ режимін қолдану Wi-Fi, 3G және Bluetooth байланыстарын қоса алғанда, барлық сымсыз байланыстарды толығымен сөндіреді.

Ұшақ режимін іске қосу үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Wi-Fi деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Wi-Fi үстінен шертіңіз.

  3. Ұшақ режимі ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз. Бұл ұшақ режимін қайта сөндіргенше сымсыз байланысты сөндіреді.

Wi-Fi байланысын жүйелік мәзірден байланыс атауын шертіп, Сөндіру тармағын таңдау арқылы сөндіруге болады.