Үстіне апару арқылы шертуді имитациялау

Экрандағы басқару элементі немесе объект үстіне тышқан курсорын апару арқылы шертуге немесе сүйреуге болады. Бұл тышқанды қозғалту және бір уақытта шерту қиын болған жағдайда пайдалы. Бұл мүмкіндік Үстіне апарып шерту немесе кідірту арқылы шерту деп аталады.

Үстіне апарып шерту іске қосылғанда, тышқан курсорын элемент үстіне апарып, тышқанды жіберіп, батырма сіз үшін шертілгенше біраз күте аласыз.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.

  3. Нұсқау және шерту бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.

  4. Шертуге көмек бөлімінде Үстіне апарып шерту ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.

Үстіне апарып шерту терезесі ашылады және барлық басқа терезелердің үстінде тұрады. Оны үстіне апарғанда қандай шерту түрі орындалуы керектігін таңдау үшін пайдалана аласыз. Мысалы, Екінші реттік шертуді таңдасаңыз, үстіне апарғанда оң жақ шерту орындалады. Екі рет шертуден, оң жақ шертуден немесе сүйреуден кейін автоматты түрде қарапайым шертуге қайтарыласыз.

Тышқан курсорын батырма үстіне апарып, оны қозғалтпасаңыз, оның түсі біртіндеп өзгереді. Түсі толық өзгерген кезде батырма шертіледі.

Шерту алдында тышқан курсорын қанша уақыт қозғалтпай ұстау керектігін өзгерту үшін Кідіріс баптауын реттеңіз.

Шерту үшін үстіне апарғанда тышқанды мүлдем қозғалтпай ұстау міндетті емес. Курсор сәл қозғалуы мүмкін, сонда да біраз уақыттан кейін шерту орындалады. Алайда, ол тым көп қозғалса, шерту орындалмайды.

Курсордың қаншалықты қозғалуы әлі де "үстіне апару" ретінде есептелетінін өзгерту үшін Қозғалыс шегі баптауын реттеңіз.