Бокс күйін қалпына келтіру
Снапшотқа қайтару сол снапшотта сақталған виртуалды машинаның күйін қалпына келтіреді. Жады күйі де қалпына келтіріліп, жұмыс істеп тұрған бағдарламалар мен баптауларды снапшот жасалған сәттегідей күйге қайтарады.
Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз, немесе бокс жұмыс істеп тұрса, жоғарғы колонтитулдегі мәзір (
) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.
Снапшоттар бетін шертіңіз.
Тізімнен қайтарғыңыз келетін снапшотты таңдаңыз.
Снапшот атының қасындағы қалпына келтіру батырмасын шертіңіз.
Снапшоттар виртуалды машинаңыздың күйін түсіріп алады. Снапшот жасағаннан кейін енгізген өзгерістер қалпына келтіру кезінде жоғалады.