Снапшот атын өзгерту
Әдепкі бойынша снапшотқа уақыт белгісіне негізделген жалпы ат беріледі, мысалы:
09/14/2014, 11:54:36 AM
Атты мағыналырақ нәрсеге өзгерткіңіз келуі мүмкін, мысалы:
Fedora_22_with_jhbuild немесе Windows 7 plus GTK+ 3.6.4.
Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз, немесе бокс жұмыс істеп тұрса, жоғарғы колонтитулдегі мәзір (
) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.
Снапшоттар бетін шертіңіз.
Тізімнен атын өзгерткіңіз келетін снапшотты таңдаңыз.
Атын өзгерту үшін тізімдегі түзету батырмасын шертіңіз.