Бокстар интерфейсі

Жинақ көрінісі

Бокстар қолданбасын алғаш рет іске қосқанда, сәлемдесу хабарламасы бірінші боксты жасау үшін + батырмасын шертуді ұсынады. Кейінгі рет ашқанда, Бокстар жинақ көрінісінде ашылып, бокстарыңыздың нобайларын тор түрінде көрсетеді. Жиі қолданылатын бокстар тізімнің басында көрінеді. Жинақ көрінісі келесілерге мүмкіндік береді:

  • Боксты құру үшін + шертіңіз.

  • Виртуалды машина сессиясын іске қосу үшін боксты шертіңіз.

  • Боксты іздеу.

  • Боксты оң жақпен шертіп, Жаңа терезеде ашу, Мәжбүрлі түрде сөндіру, Клондау, Өшіру пәрмендерін таңдаңыз немесе бокстың Баптаулар көрінісін ашыңыз.

Көмекші

+ батырмасын шерту бокс жасау процесі бойынша сізге нұсқау беретін бокс жасау Көмекшісін іске қосады.

Баптаулар көрінісі

Бокстың кейбір мәліметтерін конфигурациялауға болатын баптаулар көрінісін ашу үшін жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз. Баптаулар көрінісі келесі беттердің қайсысы таңдалғанына байланысты параметрлерді көрсетуге немесе өзгертуге мүмкіндік береді:

Ресурстар беті

  • Боксыңыздың Аты мен оның IP адресін (қолжетімді болса) қараңыз.

  • Боксыңыздың Процессор, Жады және Сақтау орны мәндерін орнатыңыз.

  • Боксыңыздың Фонда жұмыс істеуге рұқсат беру баптауын орнатыңыз.

  • Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер үшін 3D жеделдетуді іске қосыңыз.

  • Мәселелерді шешу үшін пайдалы болуы мүмкін бокстың журналдарына Ақаулықтарды іздеу журналдары опциясы арқылы қол жеткізіңіз.

  • Конфигурацияны түзету опциясы бокстың libvirt домен конфигурациясын қолмен түзетуге мүмкіндік береді.

Құрылғылар мен ортақ ресурстар беті

  • Боксқа бағытталатын USB құрылғыларын таңдаңыз.

  • Бокста қолжетімді болатын Ортақ бумаларды орнатыңыз.

  • Бокста қолжетімді болатын CDROM/DVD жетегі файлын немесе құрылғысын орнатыңыз.

Снапшоттар беті

Снапшоттар арқылы боксыңыздың снапшоттарын жасауға және басқаруға болады.