3D үдету
Егер қонақ және хост жүйелері қолдаса, Бокстар енді виртуалды машиналар үшін 3D үдетуді іске қосу немесе сөндіру мүмкіндігін береді. Бұл күнделікті қолданылатын графиканы көп қажет ететін қолданбалар мен ойындардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол QEMU виртуалды машиналары үшін виртуалды 3D графикалық картасын жасау үшін Virgil технологиясын қолданады.
Қазіргі уақытта тек Linux қонақ жүйелері 3D үдетуді қолдайды.
Бокста 3D үдетуді іске қосу үшін:
Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз немесе жоғарғы колонтитулдегі мәзір (
) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.
Баптаулар көрінісі ашылады, онда әдепкі бойынша Ресурстар беті таңдалады.
Егер 3D үдетуге қолдау болса, мұнда 3D үдету ауыстырып-қосқышы пайда болады. Әдепкі бойынша ол сөндірілген. 3D үдетуді іске қосу үшін оның қасындағы ауыстырып-қосқышты ҚОСУЛЫ күйіне қойыңыз.
Жұмыс істеп тұрған виртуалды машина үшін 3D үдетуді іске қоссаңыз, өзгерістер боксты қайта іске қосқаннан кейін күшіне енеді.