Бокстың ақаулықтарды іздеу журналын қарау

Егер бокс іске қосылғанда немесе жұмыс істегенде қиындықтар туындаса, мәселені шешуге көмектесетін тұспалдарды ақаулық журналынан табуға болады. Ақаулық журналы виртуалды машинаның күйін, виртуалды машинаның libvirt конфигурациясын және QEMU гипервизорының журналын көрсетеді.

  1. Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз, немесе бокс жұмыс істеп тұрса, жоғарғы колонтитулдегі мәзір (баптаулар) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Ресурстар бетін шертіңіз.

  3. Конфигурация бөліміне өтіңіз.

  4. Журналды мәтіндік редакторда қарау үшін Ақаулықтарды іздеу журналы батырмасын шертіңіз.