Қонақ саймандарын орнату

Қонақ саймандары — бұл виртуалды машинаның жұмысын жақсартатын драйверлер мен утилиталар жиынтығы. Ол енгізу өнімділігін жақсартуды, экран ажыратымдылығын автоматты түрде реттеуді, ортақ алмасу буферін және файлдарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Windows виртуалды машиналарына орнату

GNOME Бокстар үшін қонақ интеграциясын қамтамасыз ететін spice-guest-tools қолданбасын жүктеп алып, орнату үшін Windows виртуалды машинасында win.gnomeboxes.org сайтына кіріңіз.

Linux виртуалды машиналарына орнату

Көптеген танымал Linux дистрибутивтері қонақ саймандарын spice-vdagent ретінде дестелейді.

Linux-ке арналған spice агенті 2 бөліктен тұрады: spice-vdagentd қызметі және әрбір X-сессия үшін spice-vdagent процесі. Қызмет Spice қонақ жүйелерінде Sys-V initscript немесе systemd юнит арқылы іске қосылады. X-сессиялық процесс /etc/xdg/autostart файлын қолдайтын жұмыс үстелі орталарында және gdm астында автоматты түрде іске қосылады.

RPM негізіндегі дистрибутивтерге орнату

Fedora, Red Hat Enterprise Linux, CentOS Stream, OpenSUSE сияқты дистрибутивтер өз репозиторийлерінде spice-vdagent ұсынатыны белгілі.

sudo dnf install spice-vdagent

Deb негізіндегі дистрибутивтерге орнату

Ubuntu, Debian, Linux Mint сияқты дистрибутивтер өз репозиторийлерінде spice-vdagent ұсынатыны белгілі.

sudo apt install spice-vdagent