Бокстың Libvirt доменінің XML конфигурациясын түзету
Бокстар сізге бокстың Libvirt домендік конфигурациясының XML-ін қолмен түзетуге мүмкіндік береді. Сіз Бокстар интерфейсінде көрсетілмеген және Бокстар әзірлеушілері қолдамайтын ерекше баптауларға қол жеткізе аласыз.
Libvirt домен конфигурациясының пішімін https://libvirt.org/format.html сілтемесіндегі құжаттамадан қараңыз
Бокстың Libvirt XML конфигурациясын түзету үшін:
Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз немесе жоғарғы колонтитулдегі мәзір (
) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.
Ресурстар бетін шертіңіз.
Конфигурация бөліміне өтіңіз.
Конфигурацияны мәтіндік редакторда ашу үшін Конфигурацияны түзету батырмасын шертіңіз.
XML конфигурациясын түзетіп, Сақтау батырмасын басыңыз.
Егер түзетілген виртуалды машина жұмыс істеп тұрса, өзгерістер оны қайта іске қосқаннан кейін күшіне енеді.
Бокс конфигурациясын түзетпес бұрын, Бокстар сізге снапшот жасауды ұсынады. Снапшоттар қате кеткен жағдайда өзгерістерді қайтаруға мүмкіндік береді.