Бокстың сақтық көшірмесін жасау немесе оны жылжыту

Бокстың сақтық көшірмесін жасау немесе жылжыту үшін екі компонент қажет: бейне файлы және XML файлы ретінде сақталған бокс конфигурациясы. Конфигурацияны сақтау үшін libvirt немесе libvirt-client дестесінен virsh командасы қажет.

  1. Терминал терезесінде келесіні теріңіз:

    virsh dumpxml Аты > Аты.xml

    мұндағы Аты — бұл сіздің боксыңыздың Бокстар ішіндегі аты немесе домені. Бокстар көретін домендерді тізіп шығу үшін келесіні теріңіз:

    virsh -c qemu:///session list --all
  2. Жаңа ғана жасалған .xml файлын сақтық көшірмеге немесе уақытша сақтау орнына көшіріңіз.

  3. Бейне файлын сақтық көшірмеге немесе уақытша сақтау орнына көшіріңіз. Ол бокстың домендік атымен аталатын және .qcow2 жұрнағымен аяқталатын файл болады, ол ~/.local/share/gnome-boxes/images/ ішінде орналасқан.

Боксты қалпына келтіру

Сақталған бокс жаңа хост машинасына немесе апаттан қалпына келтіру сценарийінің бөлігі ретінде бастапқы машинаға орнатылуы мүмкін.

  1. Бокстар қолданбасынан шығыңыз.

  2. .qcow2 бейне файлын сақтық көшірмеден немесе уақытша сақтау орнынан жаңа орындағы ~/.local/share/gnome-boxes/images/ бумасына көшіріңіз.

  3. Терминал терезесінде сіз сақтаған .xml файлы бар бумаға немесе құрылғыға өтіңіз. Келесіні теріңіз:

    virsh define Аты.xml

    мұндағы Аты — боксыңыздың домені.

  4. Бокстар іске қосыңыз.