Виртуалды машиналармен жұмысты бастау
Бокстар ішінде виртуалды машиналарды құру және іске қосу кезінде жақсы өнімділік үшін компьютеріңіз белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі керек. Бұл талаптар операциялық жүйелерді өндірушілермен көрсетіледі. Бокстар ресурстарды виртуалды машиналарға өндіруші ұсыныстары негізінде автоматты түрде бөледі. Мұндай ақпарат Бокстар үшін қолжетімді болмаған жағдайда, ол келесіні бөледі:
-
20 ГБ максималды сақтау орны.
Бұл Бокстар виртуалды машинаны құру кезінде бірден 20 ГБ орын бөледі дегенді білдірмейді. Бокстар пайдаланатын нақты диск орны виртуалды машинаның өзі пайдаланатын диск орнынан аз (немесе ең нашар жағдайда тең) болады.
500 МБ жедел жады (RAM).
Егер компьютер процессоры аппараттық виртуализация кеңейтімдерін қолдаса және олар жүйелік BIOS-та іске қосылған болса, Бокстар жақсырақ жұмыс істейді.
Сондай-ақ Бокстар тиімді жұмыс істеуі үшін компьютеріңізде кем дегенде 8 ГБ жедел жады және 20 ГБ бос диск орны болуы ұсынылады.