Боксқа пернелер комбинациясын жіберу

Кейбір пернелер комбинациясы автоматты түрде хост машинасына бағытталады. Пернелер реттілігін жұмыс істеп тұрған қонақ жүйесіне жіберу үшін:

  1. Жоғарғы колонтитулдегі пернетақта (баптаулар) батырмасын шертіңіз.

  2. Жібергіңіз келетін пернелер комбинациясын шертіңіз. Қолжетімді пернелер комбинациялары:

    • Ctrl+Alt+Backspace

    • Ctrl+Alt+F1

    • Ctrl+Alt+F2

    • Ctrl+Alt+F3

    • Ctrl+Alt+F7

Егер сіздің қонақ операциялық жүйеңіз Linux болса, сіз жиі осы пернелер реттілігінің бірін бірінші виртуалды консольге ауысу үшін, ал екіншісін графикалық консольге қайта оралу үшін пайдалана аласыз. Көптеген Linux дистрибутивтерінде Ctrl+Alt+F3 виртуалды консольге ауыстырады, ал Ctrl+Alt+F1 графикалық жұмыс үстеліне қайта оралтады.