USB қайта бағыттау
USB — бұл кез келген құрылғыны компьютерге қосу үшін қолданылатын әмбебап аппараттық шина протоколы. USB қайта бағыттау жергілікті компьютерге қосылған құрылғыларды Бокстар ішінде жұмыс істейтін машиналарда қолжетімді етеді. Мысалы, USB флеш-жинақтағышы немесе веб-камера виртуалды компьютерге тікелей қосылған сияқты көрінеді.
Бокста хосттың USB құрылғыларын іске қосу үшін:
Бокс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз немесе жоғарғы колонтитулдегі мәзір (
) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.
Құрылғылар мен ортақ ресурстар бетін шертіңіз.
Хост машинасына қосылған USB құрылғылары тізімде көрсетіледі. Қажетті әрбір құрылғының қасындағы ауыстырып-қосқышты ҚОСУЛЫ күйіне қойыңыз.