Бокстар диск бейнелерін қайда сақтайды?
Әдепкі бойынша Бокстар диск бейнелерін ~/.local/share/gnome-boxes/images/ бумасында сақтайды. Егер сіз libvirt-пен әрекеттесетін басқа бағдарламалық қамтаны пайдалансаңыз (мысалы, virt-manager), онда Бокстар сол бағдарлама бейнелерді сақтау үшін пайдаланатын бумадан да оқитын болады.