Боксты құру

Бокстар іске қосылғанда, қолданыстағы бокстарды көрсететін жинақ көрінісі ашылады. Егер сіз әлі бокс жасамаған болсаңыз, кіріспе хабарлама көрсетіледі.

  1. Бокс жасау көмекшісін іске қосу үшін жоғарғы сол жақ бұрыштағы + батырмасын шертіңіз. Виртуалды машинаны келесілерден жасаңыз:

    • Бокстар тапқан үй бумаңыздағы операциялық жүйенің бейне файлы.

    • Таңдалған жергілікті ISO файлы (егер жоғарыда автоматты түрде табылмаса).

    • CD/DVD/USB дискісіндегі орнату тасушысы.

    • Операциялық жүйені жүктеп алу бетінде қолжетімді қолдау көрсетілетін операциялық жүйе

    Егер сіздің орнату тасушыңыз Жедел орнатуды қолдаса, орнату қосымша мәліметтерсіз жалғаса береді.

  2. Жоғарыдағы орнату әдістерінің бірін таңдағаннан кейін, Қарап шығу және жасау бетіне өтіңіз, онда бокс үшін жадыны, диск сыйымдылығын және басқа баптауларды реттеуге болады.

  3. Құру батырмасын шертіңіз.

Жинақ көрінісі қайта оралып, боксты орнату басталады.