Снапшотты жасау
Егер виртуалды машинаңыз қажетті конфигурацияда мінсіз жұмыс істеп тұрса, бағдарламалық қамтаны жаңарту немесе конфигурацияны өзгерту салдарынан бұзылмас бұрын баптауларды сақтағыңыз келуі мүмкін. Бокстың снапшотын жасау ағымдағы күйді сақтайды, сондықтан оған қалаған кезде қайта орала аласыз.
Снапшоттар виртуалды машина дискісінің нақты күйін қамтиды, сонымен қатар олар снапшот жасалған сәтте жұмыс істеп тұрған бокстардың жады деректерін де қамтуы мүмкін.
Жинақ көрінісіндегі боксты оң жақпен шертіп, Баптаулар таңдаңыз, немесе бокс жұмыс істеп тұрса, жоғарғы колонтитулдегі мәзір (
) батырмасын шертіп, Баптаулар таңдаңыз.
Снапшоттар бетін шертіңіз.
Снапшоттар тізімінің астындағы + белгісін шертіңіз.
Бокстың ағымдағы күйін көрсететін снапшот сақталады. Ол тізімде пайда болады.