Процессордың аппараттық виртуализациясын пайдалану
Компьютеріңіздің процессорлық виртуализацияның аппараттық кеңейтімдерін қолдайтынын және олардың жүйелік BIOS-та іске қосылғанын анықтау үшін терминал терезесінде келесіні орындаңыз:
gnome-boxes --checks
Жүйеңізде виртуализацияны іске қосу үшін:
Жүйені қайта жүктеп, BIOS мәзірін ашыңыз
Әдепкілерді қалпына келтіру опциясын таңдап, содан кейін Сақтау және шығу таңдаңыз
Қайта жүктеп, BIOS-ты тағы ашыңыз
Чипсет, Процессордың кеңейтілген баптаулар немесе Northbridge ішіндегі Процессор ішкі мәзірін ашыңыз
Процессор брендіне байланысты Intel Virtualization Technology (сондай-ақ Intel VT ретінде белгілі) немесе AMD-V іске қосыңыз. Виртуализация кеңейтімдері OEM және жүйелік BIOS-қа байланысты Virtualization Extensions, Vanderpool немесе басқа атаулармен белгіленуі мүмкін
Сақтау және Шығу
Қайта жүктеп, келесіні орындаңыз: cat /proc/cpuinfo | grep vmx svm
Егер нәтиже шықса, онда виртуализация кеңейтімдері енді іске қосылған. Егер нәтиже болмаса, жүйеңізде виртуализация кеңейтімдері болмауы мүмкін немесе BIOS-тың дұрыс баптауы іске қосылмаған