13-тен 16-ға дейінгі беттік кітапша
Егер сізде 13, 14 немесе 15 беттік PDF құжаты болса, оны 16 беттік қылу үшін тиісті бос беттер санын қосуыңыз керек. Ол үшін:
LibreOffice Writer арқылы бос PDF жасаңыз.
PDF-Shuffler көмегімен бос беттерді соңына қойып, бос беттерді құжатыңызбен біріктіріңіз.
Басып шығару үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым астында Беттер таңдаңыз.
-
Бет нөмірлерін келесі ретпен теріңіз:
- 16, 1, 2, 15, 14, 3, 4, 13, 12, 5, 6, 11, 10, 7, 8, 9
-
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Жайма астындағы Екі жақты мәзірінен Бір жақты таңдаңыз.
Бір жағындағы беттер мәзірінен 2 таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.
Тек басып шығару мәзірінен Тақ беттер таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
Барлық беттер басып шығарылғаннан кейін, беттерді аударып, оларды принтерге қайта салыңыз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Тек басып шығару мәзірінен Жұп беттер таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.