Басып шығару үшін бетті масштабтау
Егер сіз құжаттың қағаз өлшемін өзгерткіңіз келсе (мысалы, US Letter өлшемді PDF файлын A4 қағазына басып шығару), құжаттың басып шығару пішімін өзгертуге болады.
Терезенің жоғарғы оң жағындағы мәзірді ашып, Басып шығару… таңдаңыз.
Беттермен жұмыс істеу бетін таңдаңыз.
-
Ашылмалы тізімнен Бетті масштабтау таңдаңыз.
Жоқ: бетті масштабтауды орындамау.
Басып шығару аймағына дейін кішірейту: басып шығару аймағынан үлкен құжат беттері принтер бетінің басып шығару аймағына сыйғызу үшін кішірейтіледі.
Басып шығару аймағына сыйдыру: құжат беттері принтер бетінің басып шығару аймағына сыйғызу үшін қажетінше үлкейтіледі немесе кішірейтіледі.
Құжатты басып шығару үшін Басып шығару батырмасын шертіңіз.