Басып шығару үшін екі жақты және бір жағында бірнеше бет жаймасы

Сіз қағаздың әр бетінің екі жағына да басып шығара аласыз:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Басып шығару терезесінің Бет баптаулары бетіне өтіп, Екі жақты ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.

  3. Сондай-ақ, құжаттың бірнеше бетін қағаздың бір жағына басып шығаруға болады. Ол үшін Бір жағындағы беттер опциясын пайдаланыңыз.