n-беттік кітапша

n - 4-ке еселік сан.

Егер PDF құжатыңыздағы беттер саны 4-ке еселік болмаса, оны 4-ке еселік қылу үшін тиісті бос беттер санын (1, 2 немесе 3) қосуыңыз керек. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer арқылы бос PDF жасаңыз.

  2. PDF-Shuffler көмегімен бос беттерді соңына қойып, бос беттерді құжатыңызбен біріктіріңіз.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астында Беттер таңдаңыз.

    • Бет нөмірлерін келесі ретпен теріңіз:
      • n, 1, 2, n-1, n-2, 3, 4, n-3, n-4, 5, 6, n-5, n-6, 7, 8, n-7, n-8, 9, 10, n-9, n-10, 11, 12, n-11...
      • ...сіз n-бет санын теріп болғанша.
  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма астындағы Екі жақты мәзірінен Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.

  4. Басып шығару батырмасын шертіңіз.