6 беттік кітапша
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым астында Беттер таңдаңыз.
Бет нөмірлерін келесі ретпен теріңіз: 6, 3, 4, 5, 2
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Жайма астындағы Екі жақты мәзірінен Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.
Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
Беттер басып шығарылғаннан кейін, үстінде 2-ші беті бар қағазды алып, оның дұрыс бағытталғанына көз жеткізіп, принтерге қайта салыңыз (1-ші бет екінші жағына басылады).
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым астынан Беттер опциясын таңдап: 1 деп теріңіз
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
8 беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңызды 8 беттік қылу үшін оған 2 бос бет қосуды қалауыңыз мүмкін. Ол үшін:
LibreOffice Writer арқылы 2 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.
PDF-Shuffler көмегімен бос беттерді соңына қойып, бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.
8 беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.