3 беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астынан Беттер таңдаңыз. Бет нөмірлерін келесі ретпен теріңіз: 3, 2, 1

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма астындағы Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.

  4. Басып шығару батырмасын шертіңіз.

4 беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңызды 4 беттік қылу үшін оған бос бет қосуды қалауыңыз мүмкін. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer арқылы бос PDF жасаңыз.

  2. PDF-Shuffler көмегімен бос бетті соңына қойып, бос бетті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 4 беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.