13 беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астынан Беттер таңдап: 1 деп теріңіз

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма астындағы Екі жақты мәзірінен Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  4. Бет басып шығарылғаннан кейін, қағазды алып, оның дұрыс бағытталғанына көз жеткізіп, принтерге қайта салыңыз (2-ші бет екінші жағына басылады).

  5. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астынан Беттер таңдап: 2 деп теріңіз

  6. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  7. 3-ші бетті басып шығару үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Жалпы бетінде, Беттер таңдауына 3 санын енгізіңіз.

    Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  8. 3-ші бет басып шығарылғаннан кейін, қағазды дұрыс бағыттауға көз жеткізіп, принтерге қайта салыңыз (4 және 13 беттер екінші жағына басылады).

  9. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Жалпы бетінде Беттер таңдауына 4, 13 беттерін енгізіңіз.

    Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  10. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Беттер таңдау мәзіріне 8, 9, 10, 7, 6, 11, 12, 5 беттерін енгізіңіз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

16 беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңызды 16 беттік қылу үшін оған 3 бос бет қосуды қалауыңыз мүмкін. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer арқылы 3 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.

  2. PDF-Shuffler көмегімен бос беттерді соңына қойып, бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 16 беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.