10 беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астында Беттер таңдаңыз.

    Бет нөмірлерін келесі ретпен теріңіз: 10, 3, 4, 9, 8, 5, 6, 7, 2

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма астындағы Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  4. Беттер басып шығарылғаннан кейін, үстінде 2-ші беті бар қағазды алып, оның дұрыс бағытталғанына көз жеткізіп, принтерге қайта салыңыз (1-ші бет екінші жағына басылады).

  5. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  6. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астынан Беттер опциясын таңдап: 1 деп теріңіз

  7. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

12 беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңызды 12 беттік қылу үшін оған 2 бос бет қосуды қалауыңыз мүмкін. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer арқылы 2 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.

  2. PDF-Shuffler көмегімен бос беттерді соңына қойып, бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 12 беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.